НАСА Лос-Анджелесте болатын жер сілкінісі жайлы ескертті
20:02, 22 Қазан 2015
            АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА Америкалық аэроғарыш агенттігі  Лос-Анджелесте алдағы үш жылда қуаттылығы орташа жер сілкінісі болатынын болжады.  Катаклизм мүмкіндігін ғалымдар 99-ға бағалады.
                Геофизик Андрей Донеллан бастаған ғалымдар тобы Лос-Анджелес маңындағы радиусы 100 шақырымдай жерде табиғаттың өзгеруін тексерді. Бұл жерде алдағы үш жылда магнитудасы 5 балдан кем емес жер сілкінісі болуы мүмкін екені анықталды, деп хабарлады epochtimes.ru.