NASA: Марста қар жауды
08:53, 15 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА мамандары Марста қарға жауғандығын хабарлады. Қар Mars Express көмегімен тіркелді.
Mars Express аппараты Марста қар жауып тұрғанын түсірді. НАСА ғарыш агенттігі мамандарының мәлімдемесіне сәйкес қардың жауғаны ғаламшардың Оңтүстік бөлігінен түсірілген. Олар біздің ғаламшарға жауатын қар марстық қардан мүлдем өзгеше екенін мәлімдеді. Айтуларынша, қар реакцияға диоксид көміртегімен кіретін қатқан судан пайда болған. Ғалымдар мұндай қар құрғақ болатынын айтады. Айта кетер жайт, көрші ғаламшарда қар белгілі бір уақытта ғана түседі.