Жаңа карта арқылы Марстың тау-тасында «серуендеп», жанартаулары мен шатқалдарын тамашалауға болады. Көптеген суреттер инфрақызыл спектрде болғандықтан, ғаламшардың температура картасын байқауға болады.
Журналистердің айтуынша, Google Mars - Қызыл ғаламшардың мейлінше дәл суреттерінен құрастырылған. Оған спутниктерден түсірілген суреттер пайдаланылған.