НАСА: Плутонның адамзат тарихындағы ең алғашқы суреттері түсірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 жыл бұрын ұшырылған НАСА-ның «Жаңа көкжиек» ғарыш аппараты Плутонның адамзат тарихындағы ең алғашқы суреттерін түсіреді, деп жазады Би-би-си.

Жер мен Плутонның ара қашықтығы 5 миллиард километрге жуық.

Бұған дейін ешбір ғарыш кемесі аталған планетаның өзін де, бес серігін де зерттемеген.

Қазіргі сәтте аппарат Плутоннан 200 миллион километр қашықтықта. Ол планетаның жанынан 14 шілде күні ұшып өтеді.