«Орион» капсуласы астронавтарды Марсқа және астероидтарға аттандыруда негізгі құрал болмақ. Американдық NASA агенттігі экипаж үшін кабина жасауды міндетіне алады, ал еуропалық ESA ATV жүк кемесінің негізінде жасалған сервистік модуль ұсынады.
Ғарыш кемесін ғарышқа АҚШ-та жасалып жатқан жаңа ауыр зымыран шығаратын болады. «Орионды» алғашқы тестілік ұшыру 2017 жылға жоспарланып отыр.