Беннудың толықтай айналған видеосы OSIRIS-Rex ғаламшараралық стансасысының көмегімен түсірілген.
500 метрлік ғарыш денесін Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары ашқан. Мамандардың есептеуінше, ол Жерге 2182 жылы жақындайды. 2013 жылдан бері Бенну Жерге аса қауіпті нысан болып саналады. Бұған дейін осы «атаққа» Апофис астероиды ие болған еді.