NASA мәліметінше, 17 қарашада Carruthers Geocorona Observatory обсерваториясы Жер мен Айдың ультракүлгін сәуледегі суреттерін жариялаған. Жаңа түсірілімдерде планетамызды айнала қоршаған сутегіден құралған жарық тәж анық байқалады.
Ведомствоның түсіндіруінше, геокорона (латын тіліндегі «Жер тәжі» деген мағынаны білдіреді) — атмосфераның ең сыртқы қабатындағы сутегі атомдарынан түзілетін қабық. Ол ғарыш кеңістігіне өте алыс қашықтыққа дейін созылады.
Сонымен қатар бұл жарқыраған газды уақыт өте келе тұрақты түрде бақылау жоспарланып отыр. Бұл ғалымдарға геокоронаның өзгерісін динамикада зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Carruthers Geocorona Observatory Жерден шамамен 1,6 миллион шақырым қашықтықтағы арнайы орбитаға бағыт алып бара жатыр. Күтілгендей, обсерватория наурыз айында негізгі ғылыми миссиясын бастайды. Жетілдірілген түсіру әдістерінің арқасында ол ғарыштық зерттеулер саласындағы жаңа ғылыми жаңалықтарға жол ашады.
Айта кетейік, NASA Айда адам басқаратын миссияны іске қоспақ.