Жарыс жолында келе жатқан Кевин Уорд есімді спортшы мінген көлік қарсыластарының бірімен қақтығысып, жолдың жиегіне шығып қалады. Осыдан соң спортшы әлденеге наразы болып, жолдың ортасына қарай жүгіріп шығады. Оны байқамай қалған Тони Стюарт көлігімен қағып кетеді.
Жапа шегуші дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, бірақ жарақатының ауырлығынан ол жан тапсырды.
Нью-Йорк штаты Онтарио округының полициясы бұл жағдайды тергеуді өз мойнына алды, алайда округтік полиция басшысы Фелипп Поверо оқиғаның қылмыстық іс ретінде қаралмайтынын айтты.