Кездесу барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды.
Еске сала кетсек, NASDAQ - бұл АҚШ-тағы екінші ірі қор биржасы (компания сайты - nasdaq.com), онда барлық ашық түрдегі акционерлік компаниялардың бағалы қағаздарының жартысы шығарылады. Ол сондай-ақ осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша (Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі) әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие.