Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті
17:12, 28 Желтоқсан 2009
Қ ЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаровтың төрағалық етуімен облыстық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үстіміздегі жылдың 11 айында аймақта нашақорлық және есірткі бизнесіне қатысты 154 қылмыстың тіркелгенін, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда, 9,2 пайызға артып отыр.
Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Дәулетбай «Көкнәр-2009» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты облыс көлемінде 62 қылмыстың анықталғанын айтты.