"Наша KZаша" әзіл-сықақ бағдарламасы жабылады

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - "Наша KZаша" әзіл-сықақ бағдарламасы жабылады.

Бұл туралы «Tengrinews » ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Бағдарламаның продюсері әрі әртісі Даут Шайхисламовтың айтуынша, "Наша KZаша" әзіл-сықақ шоуына қатысқан әртістер енді басқа шығармашылық жобаларды бастауды жоспарлап отыр. «Қазіргі кезде әзілмен байланысты сан алуан жобаларды - фильмдер, сериалдар мен фестивальдарды қолға алу жоспарымызда бар», - дейді Д.Шайхисламов.

Айта кетейік, "Наша KZаша" жобасы 2008 жылы қолға алынған болатын. Нұртас Адамбаев, Даут Шайхисламов және Сәбит Рахымбаев сынды әзілкештердің бастамасымен аталған бағдарлама «КТК» телеарнасында көрсетіліп келді.

Ал ертең, 29 наурыз күні жобаның құрылтайшылары Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарламаның жабылуына қатысты түсініктеме жасайды, сондай-ақ алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісетін болады.