Нашақорлықпен күресу үшін қоғам болып біріге атсалуымыз керек - полиция майоры
оның 630-ы - кәмелет жасқа толмағандар. Жалпы есепке алынғандардың 6210-ы - қан тамыры арқылы қабылдайтындар. Бұл туралы бүгін Алматыда нашақорлықпен күрес айлығы аясында "Қоғамдық және ойын-сауық мекемелерінде есірткі таралуының алдын алуды ұйымдастыру" тақырыбында өткен семинарда Алматы қаласы ІІД-нің есірткімен күрес басқармасының полиция майоры Ербол Әбдірешов мәлім етті.
Оның айтуынша, өткен жылы есірткі шамадан тыс артық пайдаланған 35 адам көз жұмса, биылғы жылы 31 адам осы кеселден о дүниелік болды. «Осындай жағдайлар орын алып жатқандықтан, сондай-ақ тез еліккіш келетін жастар арасында есірткінің таралуының алдын алу үшін бүгінгі семинарды өткізудеміз. Есірткі бизнесімен күрес әрқашан біздің, құқық қорғау органдарының басым бағыттарының қатарында, өйткені бұл тасымалданатын есірткінің транзиттік бағыты Алматы қаласы арқылы өтуімен де байланысты екені белгілі. Біздің мақсатымыз - есірткіге тосқауыл қойып, қылмыстық топтарды құрықтау ғана емес, жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, салауатты өмір салтына шақыру, зияндылығын түсіндіру, қауіпті дерт екендігін жеткізу. Өйткені, есірткінің таралуы мен қолданылуы жағдайы жасөспірімдердің, кәмелет жасқа толмағандардың өміріне үлкен қауіп төндіруде. Ал, түнгі клуб көбіне жастар арасында таралу ошақтың бірі болып саналғандықтан, әрдайым рейдтер өтіп тұрады. Осы шаралардың арқасында бүгінгі күні таралудың жолдары кесілуде», деді полиция майоры Ербол Әбдірешов.
Ол сонымен қатар «маусымның 26-ы күні, Астана алаңынан Орталық саябаққа дейін, Халықаралық есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес күніне орай, жастар шеруі өтетіндігін жеткізді. «Оның мақсаты - Алматыны есірткісіз қала жасау», деді ол.
Ербол Әбдрешовтың пікірінше, Алматыны есірткісіз қала жасау үшін қоғам, халық болып біріге атсалысу керек.