Нашақорлықты емдеуде отбасының қолдауы маңызды ? Павлодар

None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Нашақорлықтың емдеу-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Асар» әлеуметтік сауықтыру бөлімінде ата-аналарға арналған « Ашық есік күні» өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда жатқан пациенттерге оларға туған-туыстары және осы орталықтан емделіп шыққан бұрынғы науқастар келді. Нашақорлықты емдеуде отбасының және достардың қолдауы, туған-туыстармен арадағы қалыпты қатынас пен үйдегі жайлы жағдай аса маңызды. Ата-аналар есірткіге тәуелділерді оңалтудың барлық кезеңдерімен таныстырылды, оларға арнап отбасылық кикілжіңдерді жеңу және салауатты қарым-қатынасты қалпына келтіру жөніндегі тренингтер өткізілді. Қонақтар мен науқастар үшін табиғатқа серуен және мерекелік концерт ұйымдастырылды.