«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 34, 46, 9 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», - делінген бүгін компания таратқан хабарламада.
Автобустардың жаңа қозғалыс сызбасымен CTS-тің әлеуметтік желідегі парақшасында танысуға болады.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, 4 сәуірден бастап қала маңына қатынайтын № 319 бағдардың жүру кестесіне де өзгертулер енгізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада жолдар қалпына келтірілгенге дейін 16 автобустың жүру бағыты өзгертілген болатын. Бір бағдар қызмет көрсетуін тоқтатты.