Нәсілшілдік үшін «Гремио» Бразилия кубогынан шеттетілді

АСТАНА. Қазақпарат - Бразилияның спорттық соты елдегі атақты футбол клубтарының бірі «Гремионы» нәсілшілдігі үшін Бразилия кубогына қатысудан шеттетті, деп хабарлады ВВС.

Өткен аптада Бразилияның оңтүстігіндегі Алерги Портында өткен «Гремио»-«Сантос» матчындағы оқиға осындай сот шешімінің шығуына басты себеп болды. Ойында жеңіліп қалған «Гремионың» жанкүйерлері «Сантостың» қара нәсілді қақпашысы Араньиді кемсіткен. Матч 2-0 есебімен «Сантостың» жеңісімен аяқталған болатын.