- Орталық Азияда трансшекаралық ландшафттарды қалпына келтірудің аса маңызды екенін білеміз. Өңір климаттың өзгеру әсерін бастан кешіп, оны бағалап отыр. Мұздықтардың шегінуін, температураның көтерілуін, аптап ыстықтың жиілеуін, құрғақшылық пен су тасқынын көріп отырмыз. Мұның бәрі шекараға тәуелсіз орын алуда. Қауіп-қатерлердің де алыс емес екенін түсінеміз. Өйткені олар экономикаға, экожүйелерге және адамдардың өміріне әсер етеді. Сонымен қатар бұл құбылыстардың қарқын алып, жиілегенін, өзара байланысы күшейе түскенін білеміз. Жаппай су тасқындары мен көшкіндер болып жатыр, - деді мәртебелі мейман.
Оның айтуынша, мұның бәрі климаттың өзгеруінің және экожүйелердің тозуының салдары.
- Мұндай тәуекелдер ұлттық шекараларызда тоқтап қалмайды. Сондықтан апаттардың шекарасы жоқ екенін түсінуіміз керек. Олар трансшекаралық сипатқа ие болып, ортақ өзен арналарына, бассейндерге және тау жүйелеріне әсер етеді. Бұл бізді маңызды бір мәселеге назар аударуға мәжбүрлейді. Ландшафттарды қалпына келтіру тек экологиялық басымдық қана емес, бұл – апат тәуекелдерін азайтудың негізгі стратегиясы. Экожүйелерді қалпына келтіре отырып, тәуекелдерді де азайтамыз, - деді Наталья Алонсо Кано.
Бұған дейін Қазақстан «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын ұсынған еді.