Наталья Богданова дүниежүзіндегі үздік боксшы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Наталья Богданова — 2025 жылғы әйелдер арасындағы «Жанкүйерлер таңдауы бойынша үздік боксшы» атанғаны белгілі болды.

Фото: olympic.kz

— Әйелдер арасындағы олимпиадалық стильдегі бокста көшбасшылық үшін өткен жарыста әлем чемпионатының алтын жүлдегері және World Boxing Cup — Astana 2025 турнирінің чемпионы @bogdanova__99 айқын жеңіске жетті. Ол финалда екінші орын алған Суннива Хофстадтан 15 000-нан астам лайк жинап, басым түсті. Натальяны осы марапатымен және рингтегі керемет маусымымен құттықтаймыз! 2026 жылы барлық үміткерді қайтадан рингте көреміз деп үміттенеміз — ең қызығы әлі алда! — делінген World.boxing.events хабарламасында.

Бұдан бұрын Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына ұсынылғанын жазғанбыз.

Еске салсақ, Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль алды.