Тайландта өткен турнирде ел қоржынына алғаш рет практикалық мылтық атудан әлем чемпионатында алтын түсті.
Наталья Местоева екі медаль жеңіп алды: оның бірі алтын екіншісі қола.
Құрамында Наталья Местоева, Лилия Уварова, Кристина Асықбаева, Дана Қабашева бар Қазақстан әйелдер командасы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Кіші Сергей Литвинов жекелей сында 4-орынға табан тіреді.