Бұл туралы бүгін елордада өткен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындысына және 2011 жылғы міндеттерге арналған республикалық кеңес барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
«Соңғы нәтижеге бағдарланған стационарларда емделген жағдайда төлем жасау төсек-орын қорын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жыл қорытындысы бойынша 2874 төсек-орын қысқарды, 3790-ы қайта бағдарланды және қажет етілмеген төсек-орын 5,4 пайызды құрады. Бұл орайда 94,6 пайыз төсек-орындағы стационарлық медициналық көмек көлемі 104 пайызды құрады», - деді министр.
С.Қайырбекованың атап өтуінше, соңғы бірнеше жыл серпініндегі төсек-орын қорын тиімді пайдалануды бағалау ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізгеннен кейін ғана оның біршама жақсарғанын көрсетіп отыр.