НАТО 2014 жылға қарай әскери миссияның аяқталуына байланысты Тәжікстанмен ынтымақтастықты нығайтуға үміт артады

БРЮССЕЛЬ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон НАТО-ның штаб-пәтерінде болып, Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті.

«Біз сізден Ауғанстан бойынша біздің диалогымызды тереңдетуге үміт артамыз. НАТО мен Тәжікстан Ауғанстандағы тұрақтылыққа және қауіпсіздікке ортақ мүдделі», - деді Солтүстікатлантикалық блок бас хатшысы.

А.Расмуссен Альянс 2014 жылдың соңына қарай НАТО-ның әскери миссиясы аяқталуымен байланысты Тәжікстанның бұдан былай да қолдауына үміт артатынын атап өтті.

«Біз сіздің Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштеріне ел аумағы арқылы ұшуға және Душанбе әуежайын пайдалануға көмек көрсеткен қолдауыңызды бағалаймцз, - деді НАТО Бас хатшысы.

Атап өту қажет, Тәжікстан Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштері миссиясының транзиті туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. 2010 жылы НАТО мен Тәжікстан ынтымақтастық пен әріптестік туралы жеке бағдарламаға қол қойды, ол лаңкестікке қарсы күрес, әскери білім және кадрлар даярлау, сондай-ақ қарулы күштерге демократиялық бақылауды қамтамасыз етуді қоса алғанда, әртүрлі салаларда өзара іс-қимылға негіз қалайды.