НАТО Әскери комитетінің жаңа төрағасы қызметіне даниялық генерал Кнуд Бертелс сайланды

None
СЕВИЛЬЯ-БРЮССЕЛЬ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Испанияның Севилья қаласында өткен НАТО-ның 28 мүше-мемлекеттері бас штабтарының екікүндік кездесуі барысында Солтүстікатлантикалық альянс Әскери комитетінің жаңа төрағасы қызметіне Дания қарулы күштерінің генералы Кнуд Бартелс (Knud Bartels) сайланды, деп хабарлады НАТО баспасөз қызметі.

«Мен үшін Әскери комитеттің келесі төрағасы болып сайлану зор құрмет, мен әріптестерім бас штабтар бастықтарына көрсетілген жоғары құрмет үшін алғысымды білдіремін. Адмирал Ди Паола орасан жұмыс атқарды, мен келесі жылдың жазында өзімнің жаңа қызметіме кірісіп, оның бастамаларын жалғастырамын деп сенемін. Қазір мен барлық күш-жігерімді бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметім - Дания қорғаныс штабының бастығы қызметіндегі міндеттерді орындауға жұмылдырып отырмын», - деді генерал К.Бартелс.

НАТО Әскери комитетінің төрағасы Альянс бас хатшысының бас әскери кеңесшісі болып табылады және үш жыл мерзімге сайланады. К.Бартелс өзінің жаңа міндеттерін орындауға 2012 жылғы маусымда кірісіп, бұл лауазымдағы итальян генералы Джанпаоло ди Пааоланы ауыстырады. Ди Паола атап көрсеткендей, жаңа төраға үшін басты ығыттар НАТО-ның Ауғанстандағы, Косоводағы, Сомали жағалауларындағы ағымдағы операциялары, сондай-ақ Солтүстікатлантикалық альянсты заман талабына сай өзгерту болмақ.