НАТО әскери комитетін неміс генералы Карстен Бройер басқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Бундесвердің бас инспекторы және Германия армиясындағы ең жоғары лауазымды әскери офицер, генерал Карстен Бройер келесі жаздан бастап НАТО әскери комитетін басқарады, деп хабарлайды BBC.

Фото: x.com/CMC_NATO

Комитеттің қазіргі басшысы, итальяндық адмирал Каво Драгоне X желісінде хабарлағандай, Бройер бұл лауазымға Копенгагенде өткен барлық 32 одақтас елдің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшыларының кездесуінде сайланған.

Әскери комитет - НАТО-ның ең жоғары әскери органы. Ал оның төрағасы лауазымы бойынша альянстың Бас хатшысының бас әскери кеңесшісі қызметін атқарады. Бас хатшы қызметін дәстүрлі түрде Еуропа елдерінен немесе Канададан келген тәжірибелі саясаткерлер атқарады.

Бұған дейін Литва НАТО-ның ядролық тежеу жүйесіне қосылуға ниетті екенін жазған болатынбыз.