Халықаралық күштер қолбасшысы генерал Дэвид Петреус бүгін болған оқиғаға байланысты кешірім сұрады және қазаға ұшырағандардың туыстарына көңіл айтты.
Ауғандықтар сейсенбі күні содырлар тобына шабуылдау барысында НАТО тікұшақтарынан атылған зымыран соққысынан қаза болды. Жергілікті өкімет орындары мен халықаралық күштер өкілдері оқиғаның мән-жайын тексеруде.