НАТО авиациясы соққысының нәтижесінде Ауғанстанда 5 адам қаза болды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - НАТО авиациясы соққысының нәтижесінде Ауғанстанда төрт полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза болды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Бұл оқиға аталған елдің шығысында, яғни Газни провинциясында орын алды. Солтүстікатлантикалық альянсының ұшақтары дабыл бойынша аспанға көтерілген көрінеді.

Газни губернаторы өкілінің сөзіне қарағанда, қаза болған полицейлер азаматтық киімде болған. Осы орайда әскерилер оларды тәлібтермен шатастырып алуы мүмкін.

НАТО-ның хабарлауынша, олар қазіргі кезде болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.