НАТО Бас хатшылығының арнайы өкілі Қазақстанда жұмыс сапарымен болады - СІМ

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 27-сі мен 28-інде НАТО Бас хатшылығының Орталық Азия мен Кавказ бойынша арнайы өкілі Роберт Симмонстың Қазақстанға жұмыс сапары болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапар бағдарламасына сәйкес Роберт Симмонстың бірқатар мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер өткізіп, Қазақстанның Қораныс министрлігі жанындағы Әскери институттың «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығы жұмысымен танысады»,-деді ресми өкіл. Сондай-ақ қадірлі мейманның Еуразиялық медиа форумға қатысуы жоспарланып отыр.