НАТО Бас хатшысы Анкарадағы лаңкестік актіні айыптады
«НАТО атынан Анкараның орталығында бомба жарылып. оның салдарынан бірнеше адам қазаға ұшырап, көптеген адам жарақаттанған лаңкестік актіні үзілді-кесілді айыптаймын. Мен қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына шынайы көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігімді білдіремін», - деді А.Расмуссен.
Солтүстікатлантикалық альянстың басшысы "мұндай жантүршілерлік шабуылды ақтау мүмкін емес" деп атап өтті және "НАТО-ның одақтастары лаңкестікпен күресте біртұтас екендігін" атап көрсетті.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, жарылыс сейсені күні түске таман түрік астанасының Қызылай ауданында болып, соңы өртке ұласқан. Оқиға маңына қойылған бірнеше автомобиль жанып кетті. Алайда жалын тез ауыздықталды. Көршілес ғимараттарда жарылыс толқыны әйнектерді сындырды.
Құқық қорғау органдары сол бойда жарылысқа қатысы бар адамдарды іздестіру операциясын бастады. Бірнеше сағаттардан кейін үш адам ұсталды, оның ішінде бір әйел бар. Олар Анкараның қауіпсіздік басқармасына тергеуге және лаңкестікке қатысын тексеруге жеткізілді.