НАТО Бас хатшысы Анкараның Еуропа ЗҚҚ радарын Түркияда орналастыру туралы шешімін құптайды

БРЮССЕЛЬ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен түрік өкіметінің өз аумағында АҚШ пен НАТО құратын зымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚ) жүйесі ауқымында зымырандық шабуыл қаупін алдын ала ескертетін радарды орналастыру туралы қабылдаған шешімін құптайды,

деп хабарлады Солтүстік атлантикалық альянстың баспасөз қызметі.

«Бұл шешім Альянстың баллистикалық зымырандардан келетін қауіпке қарсы жалпы қорғанысына қосылған маңызды үлес болып табылады. Түркияның шешімі НАТО-ның еуропалық аумақты және халқын баллистикалық зымырандардың таралу қаупінен қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне елеулі үлес қосады», - деді А.Расмуссен.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағанындай, НАТО мен АҚШ-тың ЗҚҚ элементтерін ресейлік шекараға жақын орналастыру жоспарлары Мәскеудің қарсы наразылығын туғызған болатын.