НАТО Бас хатшысы «Домодедово» әуежайындағы лаңкестік әрекетті айыптады

None
ССЕЛЬ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Мәскеудің «Домодедово» әужайында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады.

«Мәскеу әуежайында болған лаңкестік әрекеттен есім танып отыр. Мен бұл жантүршігерлік әрекетті үзілді-кесілді айыптаймын. Қаза болғандардың отбасыларына, жараланғандарға және барлық Ресей халқына көңіл айтамын», - деді А.Ф.Рассмуссен.

Осыған орай НАТО басшысы, «Ресей-НАТО» Кеңесінің алдағы мәжілісінде тараптардың лаңкестікпен күресудегі ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шаралар қабылдау керектігін атап көрсетті. «Бұл - бәрімізге ортақ қауіп. НАТО Ресей халқы мен үкіметіне тілектес», - деп атап көрсетті Альянс басшысы.