09:15, 08 Сәуір 2009
НАТО Бас хатшысы Гаагада өткен Ауғанстанға арналған конференцияға қатысты
БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО Бас хатшысы Яап де Хопп Схеффер БҰҰ-ның ұйымдастыруымен Гаагада (Нидерланды) өткен Ауғанстанға арналған конференцияға қатысты.
НАТО басшысы конференция аясында сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен екіжақты кездесу өткізіп, Ауғанстан мен Косовадағы ортақ әрекеттерді, сондай-ақ теңіз қарақшылығы проблемасын талқылады. Яап де Хопп Схеффер сонымен бірге, Австралияның және Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрлерімен, Еуроодақ комиссары Бенита Ферреро-Вальднермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат НАТО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Альянс басшысы форумда сөйлеген сөзінде, жұртшылықтың назарын Ауғанстанның өз қауіпсіздік күшін әзірлеу мәселесіне аударды және ол күштердің өз беттерінше әрекет ету қабілетін қамтамасыз етуін қаржыландыратын мақсатты қорды басқару туралы НАТО-ға мүше мемлекеттердің шешімімен таныстырды.