Бұл туралы ай сайынғы брифинг барысында журналистерге НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті.
«Оппозициямен байланыс орнатуға келетін болсақ, мен НАТО-ның Махмуд Джибрилмен және Өтпелі ұлттық кеңестің басқа да өкілдерімен бейресми кездесу өткізетінін айта аламын. Бұл кездесу 13 шілде күні өтеді. Сондай-ақ мен М.Джибрилмен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлаудамын», - деді Расмуссен.