НАТО елдерінің СІМ басшылары Киевтегі шерушілерге қарсы күш қолданған билікті сынға алды

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Киевтегі шерушілерге қарсы шектен тыс күш қолдануды сынға алды, деп хабарлады РБК.

Брюссельдегі кездесуде олар бірлесіп шешім қабылдады, онда олар Киевті оппозицияға қарсы ұстамды болуға шақырды, деп хабарлайды Би-Би-Си. Осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украина билігін «халықтың сөзіне құлақ асуға» шақырды.

Украинаның премьер-министрі Николай Азаров 2013 жылдың 3 қарашасында парламентте шеру акциясына қатысушыларға қарсы полиция күшін қолданғаны үшін кешірім сұрады. Дәл сол күні Украинаның оппозициясы дауыстың жетпеуіне байланысты парламент арқылы билікті отставкаға кетіре алмады.