Қатысушылар Ұйымның күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Олардың ішінде, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдай, Альянсты болашақта кеңейту, Ресеймен, Украинамен және Грузиямен қарым-қатынас, зымыранға қарсы қорғаныс және НАТО-ның жаңа стратегиясының тұжырымдамасы бар.
Алғашқы күні Украина-НАТО және Грузия-НАТО комиссияларының отырысы өтеді, онда екі елдің жыл сайынғы ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруды ілгері жылжыту және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
Кешкі жұмыс бабындағы қонақасы НАТО-ны кеңейту мәселелеріне арналады, онда СІМ басшылары Босния мен Герцеговинаның және Черногорияның НАТО-ға мүшелік бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынуға даярлығына баға беріледі.
Жұма күні Альянс сыртқы істер министрлері НАТО-ға мүше емес елдердегі әріптестерімен, Ауғанстан СІМ басшысымен кездеседі.
Кеңестің қорытынды бөлігінде Ресей-НАТО кеңесі өтеді, оған Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров қатыспақ.