НАТО-ның Бас хатшысы АҚШ Президенті Б.Обаманы қайтадан сайлануымен құттықтады

БРЮССЕЛЬ. 7 қараша. ҚазАқпарат - НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен АҚШ Президенті Барак Обаманы қайтадан сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«60-тан астам жыл бұрын ортақ құндылықтарға негізделіп құрылған Еуропа және Солтүстік Америка арасындағы байланыс күшті болып қалуда, бұл еуроатлантикалық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін ерекше маңызды болып табылады.

Президент Обама бұл өмірілік маңызы бар байланысты қолдауда көрнекті көшбасшылығын көрсетті, және бүгінгі жаңа қауіптер мен мүмкіндіктерге толы әлемде НАТО-ның тиімді болып қалуы үшін біздің тығыз әріптестігіміздің жалғасуын мен тағатсыздана күтемін», - делінеді НАТО-ның бас хатшысы А.Расмуссеннің мәлімдемесінде.