деп хабарлайды Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметі.
НАТО Бас хатшысының сөзіна қарағанда, барлық кедергілерге қарамастан, сайлау науқаны болды. «Ауғанстанның сайлаушылары мен депутаттыққа үміткер адамдар тағы бір мәрте қорқытуларға қарсы тұра алатындықтарын дәлелдеді. Ауғанстан билігіне сайлауды өткізгені үшін алғыс айтқым келеді», деп атап өтті А.Ф.Расмуссен.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы қыркүйектің 18-і күні Ауғанстанда төменгі палатаның сайлауы өтті. Заң шығарушы органдағы 249 орынға 2500-ға жуық үміткер ұсынылған. Сайлаудың алдын ала қорытындылары алдағы күндері белгілі болады. Әлемдік ақпарат агенттіктерінің мәліметтеріне сүйенсек, сайлау күні зымырандық шабуылдар, жарылыстар, сайлау учаскелерін басып алу, сонымен қатар, қару атылған оқиғалар орын алған. Ондаған адам қаза тауып, жарақаттанған.