«Бұл бүкіл ауғандар үшін және Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштеріне кіретін 50 ел үшін абыройлы күн. 2010 жылы Лиссабонда өткен саммитте біз ауған үкіметімен бірлесе отырып, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін 2014 жылдың аяғына қарай біртіндеп Ауғанстан билігінің құзыретіне беруді көздейтін «жол қартасын» әзірледік», - деді А.Расмуссен.
«Бұдан былай біз ешқандай әскери операцияны жоспарламаймыз да, іске асырмаймыз да. 2014 жылдың аяғына қарай біздің әскери миссиямыз аяқталады, одан кейін жаңа миссия басталады» - деп атап өтті А.Расмуссен.
Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымының Бас хатшысының айтуынша, НАТО-ның жаңа миссиясының мәні оқыту, кеңес беру және ауған қауіпсіздік күштеріне жәрдемдесу болмақ.