НАТО-ның Бас хатшысы Өтпелі ұлттық кеңестің Ливия азаттығын жариялағанын қолдайды

ЮССЕЛЬ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен «Ливия халқының үлкен жеңісі» дей отыра, Өтпелі ұлттық кеңестің жексенбі күні Ливия азаттығын жариялағанын қолдайды.

Бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Жексенбі, 23 қазан күні Ливияның Бенгази қаласында 42 жылғы Муамара Каддафи билігінің аяқталуына арналған салтанат өтті. Өтпелі ұлттық кеңестің өкілдері 23 қазанды Жеңіс күні және Каддафи режімінен азат болған күн - ресми мемлекеттік мереке және демалыс күні болатынын мәлім етті.

Осыған байланысты А. Расмуссен Ливия халқын құттықтап, барлық алауыздықты тоқтатып, достық пен адам құқығы және заңның үстемдігіне негізделетін жаңа Ливия құру керектігі жайлы мәлімдеді.

НАТО-ның Бас хатшысы ағымдағы жылдың 21 қазан күні НАТО кеңесі Альянсқа мүше 28 мемлекет елшілерінің деңгейінде 31 қазаннан бастап Ливиядағы «Біріккен қорғаушы» әскери операциясын аяқтау туралы алдын ала шешім қабылдағанын еске салды.