Бастама қаржыны қомақты үнемдеу қажет болған кезеңдерде шектеулі қаржылық ресурстар жағдайында қорғаныс әлеуетін барынша тиімді қолдануға мүмкіндік беретін болады. Бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Солтүстікатлантикалық альян басшысының сөзіне қарағанда, кездесу барысында НАТО-ға мүше елдер қорғаныс министрлері оның «Ақылды қорғаныс» басмасын мақұлдады. Осыған орай ол, ағымдағы жылдың мамыр айында Чикагода өтетін Блоктың саммитінде жобалардың дені бойынша, сондай-ақ ұзақмерзімді болашаққа қатысты шешімдер қабылданады деп күтуде.
НАТО-ның қорғаныс ведомстволарының министрлері «Ақылды қаланы» бақылау, барлау, логистика және білім беру сынды салаларда пайдалану мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.
Әскери шенеуніктер, сондай-ақ Альянсты одан әрі икемді және тиімді етуді көздейтін НАТО-ны реформалау мәселесіндегі ілгерілеушілікті қарастырды.