НАТО штаб-пәтері бас ғимаратының алдында жиналғандар алдында сөз сөйлеген Ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бұдан он жыл бұрын АҚШ-та лаңкестер әлемнің әр түпкіріндегі үш мыңға жуық адамды қазаға ұшыратқанын еске салды. «Нью-Йоркте, Пентагонда және Пенсильвания далаларында біз әріптестерімізді, достарымызды және туыстарымыз бен жақындарымызды жерледік. Біз осы шабуылды жоспарлап жүзеге асырған экстремистерді табуға ұйғардық», - деді ол.
Солтүстікатлантикалық альянс басшысы «11 қыркүйектегі шабуыл басшысы» Усама Бен Ладен құртылғанмен осындай лаңкестік идеология әлі де бар екенін атап өтті.
Осыған байланысты А.Расмуссен Альянс бойынша одақтастарды және НАТО әріптестерін «жанжалдар мен жаулыққа бізді итермелейтін» күштерге қарсы бірігуге шақырды, сондай-ақ еркіндік пен демократияға ұмтылған араб елдерінің халқына қолдау көрсетуге уәде етті.