НАТО-ның жаңа Бас хатшысы қызметіне кірісті

БРЮССЕЛЬ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Данияның бұрынғы премьер-министрі Андерс Фог Расмуссен тамыздың 1-інен бастап Солтүстікатлантикалық альянстың (НАТО) Бас хатшысы қызметіне кірісті. Альянстың жаңа Бас хатшысы ұйымның штаб-пәтеріне тамыздың 3-інде келіп, өз міндетіне кіріседі,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі   НАТО баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Сейсенбі,  тамыздың  4-інде  Расмуссен   Солтүстікатлантикалық   Кеңес   мәжілісіне   жетекшілік   етеді.

Естеріңізге сала  кетейік, А.Ф.Расмуссен     ағымдағы жылы сәуірдің  3-4-інде  Страсбург/Келеде өткен   НАТО-ның  мерейтойлық  саммитінде     жаңа Бас хатшы болып  сайланған болатын.