НАТО-ның жаңа Бас хатшысы тамыздың 3-інен қызметіне кіріседі

АСТАНА. Шілденің  31-і. ҚазАқпарат - Бүгін,  жұма күні НАТО  Бас хатшысы  Яап де Схеффердің   өкілеттігі    аяқталады,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат   «Вести»   телекомпаниясына  сілтеме  жасап. Яап де Хооп Схеффер   бұл қызметті 2004 жылдың қаңтарынан бері  атқарып келді.

Альянстың жаңа Бас хатшысы  Андерс Фог Расмуссен тамыздың 3-інен бастап қызметіне кіріседі.