деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кибер қылмыстармен, биологиялық және химиялық қатерлермен, ресурстар зәрулігімен күрес тақырыбы бойынша пікірсайыстарға Қазақстан Парламентінің депутаттары Рашит Ахметов пен Сәт Тоқпақбаев қатысты.
Төрт арнайы комитеттің отырыстарында НАТО бағдарламаларын іске асыру, әскери-техникалық қамтамасыз ету және Альянстің бюджет стратегиясы мәселелеріне назар аударылды. Ауғанстандағы өтпелі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі НАТО-ның рөліне де ерекше көңіл бөлінді.