СТОКГОЛЬМ. KAZINFORM - Бүгін Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) штаб-пәтерінде Швеция Корольдігінің одаққа кіруіне арналған жалауды көтеру рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Осы жылдың 7 наурызында Швеция Америка Құрама Штаттарының үкіметіне Солтүстік Атлантикалық келісімге қосылу туралы ресми құжаттарды тапсырғаннан кейін НАТО-ның жаңа мүшесі болды. Швециямен бірге НАТО-ға қазір 32 ел мүше.
Швеция туын көтеру рәсімі НАТО ғимаратында түскі сағат 12-де басталады.
Еркежан Смағұлова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын Абай облысындағы «Семей таңы» газетінен бастаған. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді, аудармашы.