«НАТО одақтастар арасында кеңес үшін өте маңызды форум болып табылады, ал қазіргі кезде серіктес деңгейінде де тұр. Бұл маңызды. Біз атқаратын екінші элемент - Сирия көршісі Түркияны, яғни НАТО мүшесін қорғауға қатысты. Сондықтан да біз осында «Пэтриотты» (зымыранға қарсы жүйе) орналастырдық», - деді НАТО-ның ақпараттық бюросының директоры Роберт Пшель.
22:31, 06 Қыркүйек 2013
НАТО сириялық қақтығыста Түркияны қорғаумен шектелмек
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - НАТО сириялық қақтығыста өзінің рөлін кеңейтпейді. Альянс өз кезегінде одақтастарына пікіралмасу алаңын ұсынып, Түркияны қорғаумен шектелмек. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.