Осындай мәлімдемені Солтүстікатлантикалық альянс баспасөз қызметі БАҚ беттерінде сәрсенбі, 11 мамырда пайда болған "Ливия астанасын НАТО ұшақтарының бомбылауының нәтижесінде Солтүстік Кореяның елшілігі ғимараты зардап шекті" деген ақпаратқа қатысты жасады.
«НАТО Солтүстік Корея елшілігіне шабуыл жасады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Шынтуайтына келгенде, соққы елшіліктен 500 метр қашықтықта орналасқан басқа нысандарға жасалды», - делінген Солтүстікатлантикалық альянс таратқан ақпаратта.