Мурманскіде онкологиялық диспансерде науқас мекемеге пышақ алып келіп, емхананың меңгерушісін пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол салған. РФ ТК өңірлік басқармасында «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Науқастың дәрігерді не үшін өлтіргені белгісіз, оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.