— Бүгінде электрондық рецептілерді қолдану мен дәрілік заттардың берілуін цифрлық растау аясы айтарлықтай кеңейіп келеді, яғни, «Әлеуметтік әмиян» арқылы қамтамасыз ету үлесі 80%-дан асты. Бұл тетікті одан әрі жетілдіре түсу керек. Ол дәрілік заттардың есебін жүргізіп қана қоймай, емделушінің өзіне тиесілі дәріні нақты алуына да кепілдік береді. Сондай-ақ дәрі-дәрмек тапшылығын алдын ала анықтап, медициналық ұйымдар арасында препараттарды тез арада қайта бөлу және сол арқылы емдеу ісінде үзілістерді болдырмау өте маңызды, — деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, сатып алынған дәрілік заттар бола тұра, емделушілердің оларды уақтылы ала алмауы немесе өз қаражатына сатып алуы сияқты жағдайларға жол беруге болмайды. Бұл бағытта цифрландыру қазірдің өзінде нақты нәтиже беріп отыр. Таңбалау жүйесі дәрілік заттардың қозғалысын қадағалауға, қалған көлемді бақылауға, заң бұзу деректері мен жекелеген өнімдердің тапшылығын анықтауға мүмкіндік береді.
— Емделушілерді толықтай қамтып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз еткен жөн. Науқас адам өзіне қажетті дәрі-дәрмекті міндетті түрде әрі дер кезінде алуы керек. Бұл жұмыстың басты нәтижесі де — осында, — деді Үкімет басшысы.
Бұған дейін отандық дәрілердің ішкі нарықтағы үлесі 42%-ға жетті жазған едік.