Наурыз айына пойыз билеттері ақпаннан бастап сатылады – ҚТЖ

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі теміржолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты пойыздардың қозғалысына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ҚТЖ

«Биылға жоспарланған теміржолдарды жөндеу ауқымын ескере отырып, қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізілуде. Наурыз айына пойыз билеттерін сату ақпанда ашылады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қаңтар және ақпан айына пойыз билеттері әдеттегідей сатылып жатыр.

«Жолаушылар пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша қосымша ақпаратты «1433» нөміріне тегін қоңырау шалып біле алады. 2024 жылы шамамен 1 400 шақырым теміржолды жөндеу жоспарланып отыр», - дейді ҚТЖ-дан.