Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастырып отыр.
— Байланыс үшін брондау және ақпарат орталығы (24/7): help.airastana.com немесе 7 727 244 4477 7 7172 584477 7 702 702 4477 WhatsApp: 7 702 702 00 74 нөмірлеріне хабарласуға болады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайынан Алматы, Қостанай және басқа қалаларға ұшатын 20 рейс кейінге шегерілген еді.