«Наурыз» бағдарламасы: Қазақстандықтарға қолжетімді тұрғын үй

Фото: Отбасы банк

АСТАНА. KAZINFORM — Отбасы банк 2025 жылы да «Наурыз» бағдарламасын жүзеге асырып, Қазақстандықтарға қолжетімді тұрғын үй алу мүмкіндігін ұсынады. 

Бағдарлама Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келеді. Екі жыл аралығында 15 мың адам баспаналы болып қоныстойын тойлады. Бүгінде «Наурыз» қазақстандықтардың сүйікті бағдарламасына арналған.

Бағдарламаға қатысу үшін Отбасы банкте депозиттің болуы ресми табыс және соңғы бес жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үйдің болмауы жеткілікті. Өтініштерді қарау автоматты балл жүйесі бойынша жүргізіледі. Астана мен Алматыдағы тұрғын үйге заем көлемі — 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде — 30 млн теңгеге дейін.

Фото: отбасы банк

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі

Отбасы банк жыл сайын «Наурыз» бағдарламасын іске асырып келеді. Өткен жылы бағдарлама екі кезеңде жүзеге асып, 6 791 қарыз берілді. 2025 жылы бағдарлама бұрынғы шарттарымен жалғасады, алайда өтініш беру процесі Баспана маркет порталына (otbasybank.kz) ауыстырылды. Осы жылы екінші рет өтінім қабылдау жүріп жатыр.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Бағдарламаға өтініш беру үшін

​•​Отбасы банкте депозиттің болуы (мерзіміне қарамастан)
​•​Депозит сомасы кемінде 2 млн теңге
​•​Соңғы 5 жылда иелікте немесе отбасы мүшелерінде тұрғын үйдің болмауы
​•​Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы

Фото: Отбасы банк

Өтініштер автоматты балл жүйесі бойынша қаралады. Балл есептеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

​•​ХӘОТ мәртебесі — 10 балл
​•​Балалардың болуы — 10 балл
​•​Тіркелген некесі — 5 балл
​•​Жасы 35-ке дейін — 5 балл
​•​ТҮЖЖ депозиттегі сыйақы — 1 балл әрбір 1 000 теңге

Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін

​•​Таза әрлеудегі нарықтағы тұрғын үйге бастапқы жарна — 10%
​•​ Таза емеч әрлеудегі немесе құрылыс сатысында — 20%
​•​Әлеуметтік осал топтарға пайыздық мөлшерлеме — 7% (ЖТСМ 7,1–9,6%)
​•​Барлық қатысушыларға пайыздық мөлшерлеме — 9% (ЖТСМ 9,4–13%)
​•​Несие мерзімі — 19 жылға дейін

Фото: Отбасы банк

Қарыз көлемі және қосымша мүмкіндіктер

​•​Астана мен Алматы — 36 млн теңгеге дейін
​•​Басқа аймақтар — 30 млн теңгеге дейін
​•​Бастапқы нарықтағы тұрғын үйге қосымша жөндеу жұмыстарына қарыз — негізгі заем сомасының 20%-ына дейін

Қолжетімділік және өңірлік ерекшеліктер

Бағдарлама барлық өңірлерде қолжетімді. Мегаполистермен облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үй ұсынылады, ал моноқалалар мен ауылдық жерлерде екінші нарықтағы тұрғын үй де қарастырылады.

Орташа заем және қала таңдауы

Қатысушылардың таңдауы бойынша, орташа несие көлемі шамамен 26 млн теңге, ал көбіне өтініш берушілер Астанадағы тұрғын үйді таңдайды.

Нәтижелері:

​•​2024 жылы — 7 995 қарыз берілді
​•​2025 жылы — 5 042 адам өз үйіне ие болды, оның ішінде 833 әлеуметтік осал топтан
​•​«Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша — 2 103 адам жаңа үй алды

Бағдарламаның қатысушысы Галина Бектемисова өз тәжірибесін бөлісті:

— Балл жүйесі әділ, бәрі ашық. Құжаттарды жинау қиындықтары болды, бірақ менеджер көмектесті. Нарықтық бағамен салыстырғанда, баға әлдеқайда тиімді болды, — дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-ден 102,7 млрд теңге тартқаны жайлы жазған едік.