Наурыз мерекесі қарсаңында «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрлі пойыз іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM - Наурыз мерекесі қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6975/6976 «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрлі пойыз іске қосылады.

Фото: Қазақстан темір жолы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрлі пойыз 2026 жылғы 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл мереке күндері жолаушыларды теміржол көлігімен толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қозғалыс кестесі

Шу станциясынан:
• жөнелту — 05:00
• Тараз станциясына келу — 08:41

Тараз станциясынан:
• жөнелту — 12:40
• Шу станциясына келу — 16:22

Электрлі пойыз құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 352 отыратын орын.

Жол жүру құны
• 2 класс — 3562 теңге
• 3 класс — 2946 теңге

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан комиссиясыз сатып алуға болады, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Осыған дейін Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайтыны туралы жаздық.